Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістандық тұрғын бал арасының арасына есірткі жасырған

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2021
  • 1583

Түркістан облысының тұрғыны бал арасының ұяшығына есірткі сақтаған. Күдікке іліккен -Сайрам ауданының тұрғыны.  Ұсталған ер азаматтың үйі мен ауласын тінту кезінде есірткі заты бар 1 қап пен полиэтилен пакеті табылды. Белгілі болғандай, ер адам есірткіні ара ұяларын тасымалдауға арналған тіркемеде сақтаған. Сараптамаға сәйкес алынған заттардың есірткі екені дәлелденді. Полицейлер қазір күдіктінің оларды өңірге жеткізу жолын анықтап жатыр.

Дәурен САРТАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:


Аталған жәйт ҚР ҚК 296 бабы 4-ші бөлігімен тіркеліп, сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған зат кептірілген марихуана, жалпы салмағы 20 келіге жуық болып анықталды. Күдіктінің бас шарасы қазіргі таңда қамауға алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері түркістандық полицейлер заңсыз айналымнан 5 тоннадан астам есірткі затын тәркілеген.  55 есірткі сатушыны ұстады.  Сондай-ақ ірі көлемде есірткі  сақтаудың 25 жағдайын анықтаған.

А. Төребекқызы