Русский Сайттың толық нұсқасы

2018 жылдан бастап мұнай өнімдерінің айналымы бақылауда болады

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2017
  • 2709

Келер жылдан бастап барлық жанар-жағармай стансаларында есептік бақылау қондырғылары орнатылмақ. Бұл мұнай өнімдерінің айналымын қадағалауға мүмкіндік береді. Ол кезде жанармайды өткізу жүйесінде де ашықтық болады. Мұны Кеден мен салық қызметінің бірігуінің 3 жылдығына арналған форумда мемлекеттік кіріс комитетіндегілер хабарлады. 

Руслан Хамбаров, Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

Мұнай өнімін шығарушылар мұндай қондырғыларды орнатуды биыл қаңтардан бастады. Ал бөлшек саудаға шығаратындар, яғни жанар-жағармай стансалары, оны келер жылдан бастап орнатуы тиіс. Ол барлығына міндетті. Сондықтан біз мұнай өнімдерінің айналымын толық қамти аламыз. Бұл бақылауды жеңілдетеді, жанар- жағармай стансаларының жұмысында ашықтық болады.