"Павлодар-Нұр-Сұлтан" тас жолы қардан тазартылмаған. Жүк көліктерінің жүргізушілері қарға көмілген трассамен жүру қиын екенін айтып шағымдануда. Өйткені, осыдан 3 күн бұрын ғана бұл автобан ақылы жолдар қатарына енген.
«ҚазАвтожол»-дың Павлодар облыстық бөлімшесінің мәліметінше, жолды тазалауға 20-дан техника шығарылған. Бірақ толассыз жауған қар сәл келеңсіздіктер туғызып жатқан көрінеді. Айта кетейік, жақында ғана өңірде жолдағы қауіпсіздікке немқұрайлы қараған 200-ден астам шенді жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 21 ауыл әкімі бар. Оларға 6 млн. теңгеден астам айыппұл салынған.
Ө. Қуанар