Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда ақылы жол қардан тазартылмаған

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2021
  • 1773

"Павлодар-Нұр-Сұлтан" тас жолы қардан тазартылмаған. Жүк көліктерінің жүргізушілері    қарға көмілген трассамен жүру қиын екенін айтып   шағымдануда.  Өйткені, осыдан 3 күн бұрын ғана  бұл автобан  ақылы жолдар қатарына енген. 

«ҚазАвтожол»-дың   Павлодар облыстық бөлімшесінің мәліметінше,     жолды тазалауға 20-дан техника шығарылған.  Бірақ  толассыз жауған қар сәл келеңсіздіктер туғызып жатқан көрінеді. Айта кетейік,   жақында ғана өңірде  жолдағы қауіпсіздікке немқұрайлы қараған 200-ден астам шенді жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 21 ауыл әкімі бар. Оларға 6 млн. теңгеден астам  айыппұл салынған.  

Ө. Қуанар