Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайлық кәсіпкерлер ұлу өсіріп жатыр

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2021
  • 2400

Елде жоқ ерекше кәсіп. Қостанайлық кәсіпкерлер ұлу өсіруді қолға алды. Жәндіктер көп күтімді қажет етпейді. Сұраныс та жоғары.  Ебін тапсаң ұлудан да еселеп пайда табуға болады, дейді тың бастама авторлары. Қазақстандағы тұңғыш ұлу фермасының тыныс тіршілігімен тілшіміз Заңғар Санай танысып  қайтты.

Ұлудан бизнес жоба құру идеясы пандемия тұсында ойға келді, дейді Оксана мен Василий  Старковтар. Сөйтіп жиған-терген қаражатына жүздеген жәндік  сатып алған. Екі айдан кейін-ақ ерлі-зайыптылардың үміті ақталды. Беларусь елінен жеткізілген    ұлу ұрығы лезде көбейе бастаған.

Василий СТАРКОВ, КӘСІПКЕР:

Арнайы шөп өсіріп, соған жібердік.Сөйтіп биылғы қуаңшылықтан  сақтап қалдық. Жаз бойы кеміргіштерден күзеттік.Енді міне ұлу ұрығы көбейе бастады.


Қазақстанда ұлу фермасы бұрын соңды болмаған.Сондықтан кімнен ақыл-кеңес алуды білмей қиналдық, дейді кәсіпкерлер. Алғашында ақысын төлеп ресейлік мамандардан мағлұмат алған Старковтар,  ұлу өсіру ісін тереңірек меңгеріп келеді.

Оксана СТАРКОВА, КӘСІПКЕР:

"Бастау-бизнес"  бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер палатасына жүгіндік.Бізге бизнес жоба әзірлеуге көмектесті.Грант ұтып алдық.


Әзірге жәндіктер бір бөлмеде өсіп-өніп жатыр. Алдағы уақытта ферманың ауқымын кеңейту жоспарда бар.Алты айға дейін ұйқыға кететін ұлуға көп күтім де керек емес. Ал оның еті құнарлы,түрлі дәрумендерге бай.Денсаулыққа пайдалы көрінеді.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:


Жақсыны көрмекке демекші.Мен де бірінші рет ұлу етін жеп көрдім.Дәмі сиырдың еті мен саңыраулықтың дәміне келіңкірейді екен.Жетпіс пайызы ақуыздан тұратын өнімнің 3-4 жесең  кәдімгі тойып қаласың.


Кәсіпкерлер 300 келі ұлуды Беларуссияға экспорттап  үлгеріпті. Ал Қазақстан нарығына шығару үшін тиісті құжаттар дайындалып  жатқанын айтты.  

З.  Санай