Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында газ иісіне уланған 4 адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2021
  • 1041

Түркістан облысында бір үйден төрт адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша олардың өліміне -улы газ себеп. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, иіс тиіп қайтыс болғандардың екеуі -1972  ағалы-інілі азаматтар. Сондай-ақ, 57 жастағы әйел  мен оның төрт жасар немересі көз жұмған.  Олар бұл үйге туған ағаларының қырық күндік асын беруге келген   көрінеді. Төтеншеліктердің анықтауынша,  үйдегі   қатты отын жағуға арналған темір пеш  табиғи газбен жылытуға қайта жабдықталыпты.

Асанғали МӘДІХАНҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Бұл жерде пеш пайдалану ережелерінің бірқатар талаптары сақталмағаны анықталып отыр. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша полиция қызметкерлерімен тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Биылғы жылы төрт жағдай орын алып отыр осымен  бірге. Жалпы осы қайғылы оқиғалардан 11 адам қаза тауып отыр.


А. Төребекқызы