Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстанда жаңа туған нәресте пневмонияға шалдыққан

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2021
  • 1258

Қызыл аймақтағы Солтүстік Қазақстанда жаңа туған нәресте пневмонияға шалдығып, ауыр халде жатыр. Аймақта эпидахуал күрделі дейді мамандар. Күніне жүздеген адам коронавирус жұқтыруда. Дәрігерлердің айтуынша, оның тең жартысы төсек тартып жатыр, сондай-ақ, ауруханаға ауыр халде түсетіндер көп. Қазір емдеу орталықтары 40 пайызға толық. Науқастардың арасындағы пневмонияға шалдыққан жаңа туған сәби жансақтау бөлімінде жатыр.  

Нұрлан АЙМАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Біздің облыста жаңа туған нәрестенің ПТР тесті оң болып, оның пневмонияға шалдыққаны анықталды. Бұл бала ауыр мен өте ауыр хәлдің арасында тұр. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін бар күшін салып жатыр.

Балалар мен жүкті әйелдердің иммунитетін нығайту үшін дәрігерлер осы санатқа жататын 1500-нан астам адамға «Phizer» вакцинасын еккен.  Соған байланысты, ауру көрсеткіші алдыңғы күндермен салыстырғанда сәл де болса төмендей бастады дейді мамандар.

Әсет ЖҰМАТАЕВ, СҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Соңғы екі аптаның ішінде коронавирусты жұқтырудың 1919 фактісі тіркелген. Бұл алдындағы кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға төмендеген. Соңғы 7 күннің ішінде ауру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 170 болып отыр.  

А. Құрманкин