Русский Сайттың толық нұсқасы

«Омикрон» штамы жаңа қауіп төндіріп отыр,- Қ.Тоқаев

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2021
  • 1994

"Омикрон" штамы әлемдік қауымдастыққа жаңа қауіп төндіреді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы сессиясында айтты. Мемлекет басшысының Швейцарияға ресми сапары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен кездесуден басталды. Президенттің айтуынша, пандемия халықаралық ынтымақтастықтың көптеген кемшіліктерін анықтады. Сол себепті елдерді дертпен күресте бірігуге шақырды. Қасым- Жомарт Тоқаев індет алдында адамзатты дәрменсіз қылған кемшіліктерді жою қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Қазақстан пандемияға дайындықты күшейтуге  және тиісті шараларды қабылдауға бағытталған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  конвенциясына жолданған ұсыныстарды қолдайды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

ДДСҰ қоғамдық денсаулық сақтау жолындағы осы аса күрделі жаһандық күресте жетекші рөл атқарды. Ұйымға мүше мемлекеттердің бәрі және олардың денсаулық сақтау жүйелері ауыр жағдайды бастан өткерді және қиындық әлі де жалғасып жатыр.Жуырда Оңтүстік Африка ғалымдары анықтаған «Омикрон» штамы жаңа қауіп төндіріп отыр. Мен барлық елді көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аясына бірігуге шақырамын.


Мемлекет басшысының Швейцарияға ресми сапары жалғасуда. Женевада Швейцария Президенті Ги Пармеланмен, БҰҰ басшылығымен келіссөздер өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ, президент Еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі.

Д. Жарқынбек