Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен жас қыздың мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2021
  • 2584

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінен 22 жастағы қыздың мәйіті табылды.  Қайғылы  жағдай қаланың қақ ортасындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде болған. Көршілердің айтуынша, бұл пәтер тәуліктік жалға беріледі.  Күн сайын айқай-шу шығып, мазаны алады дейді. Бұл жолы да қатты шу болып, полиция шақырған көрінеді.  Артынша жағымсыз иіс шығыпты. Бейресми ақпарат көздері бойжеткенді өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген деген ақпарат таратуда.  Алайда, оқиға орнын тергеп-тексеріп жатқан полиция мұны растаған жоқ. Құқық қорғаушыларды дерегінше, марқұм бөлмені бүгін ғана жалға алған. Жас қыздың ажалына не себеп  болғаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

Мөлдір БЕКЕЕВА, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

1998 жылы туылған азаматшаның аталған пәтерді 2021 жылдың 30-қарашасында таңғы сағат 07:00-де жалға алғанын анықтады.  Оқиға орнынан қайтыс болған азаматшаның жеке заттары тәркіленіп, қол саусақтарының іздері алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.  

А. Төребекқызы