Русский Сайттың толық нұсқасы

Серпін бағдарламасының оырндалу барасына сенатор алаңдаулы

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2021
  • 1640

«Серпінге» серпін керек. Сенатор Нұржан Нұрсипатов мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысына алаңдаушылық білдірді. Депутат студенттерді жылы киім, ыстық тамақ, жол ақысымен қамтамасыз ету нормаларын қалпына келтіру керек дейді. Стратегиялық маңызы бар «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы жөнінде Заңғар Санай сабақтайды.

Ахмет Байтұрсынов атындағы іргелі оқу ордасына биыл оңтүстіктен 36 бала түскен. Барлығы 155 студент білім алып жатыр. Түркістан өлкесінің түлегі Зинат Байбакова биотехнолог мамандығын меңгеруде. Оқытушылар білікті. Жастар ұйымшыл. Жатақхана жайлы. Бірақ диплом алған соң басқа жаққа кеткім келеді, дейді.

Зинат БАЙБАКОВА, СТУДЕНТ:

Биыл оқуды бітірген соң магистратура оқу ойымда бар. Бірақ бұл жақта емес. Бұл жақта ешқандай туысқаным жоқ. Сол үшін кішкене  қиынырақ.

Гауһар ӘКБАР, СТУДЕНТ:

Көбінесе отработка жасауға қиналады. Бұнда ата-анасынан бөлек 3 жыл жүргісі келмейді оқудан бөлек. Яғни оқуды қосқанда 7 жыл 8 жыл болып жатады.

Қостанай өңірлік университетінің ауыл шаруашылық иститутында 80 студент «Серпін» бағдарламасымен білім алып жатыр. Оларға жан-жақты жағдай жасалған. Бірақ жылы киім мен ыстық тамақ тек жетім балаларға қарастырылады, дейді институт директоры.

Алмабек НҰҒЫМАНОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ИНСТИУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бірнеше секциялар бар. Ол бәрі де ақысыз. Өздері барса, ешқандай ақша төлемейді. Біз бәріне тең қараймыз. Кім қайдан келсе де. Бәріне де қандай көмек керек болса, бәрін бере аламыз қолдан келгенше.

Соңғы жылдары  солтүстіктегі колледждер мен жоғары оқу орындарына түскісі келетін түлектер саны күрт төмендеген. Сенатор Нұржан Нұрсипатов Премьер-Министрдің орынбасарына жолдаған депутаттық сауалында мемлекеттік бағдарламаның мәселесін көтерді. Оның пікірінше өткір проблеманың туындауына білім және ғылым министрлігі бір бұйрықты жою арқылы жол берген.
 
Нұржан НҰРСИПАТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұрын оңтүстік өңірлерден келген студенттер жылы киім сатып алу үшін көтерме қаражатпен, оқу орнына бару және кері қайту жолақысы үшін  өтемақымен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе, енді олар жалпы негізде қаржыландырылады. Осылайша жеңілдіктің алынып тасталуы оңтүстік  түлектерінің солтүстіктегі оқу орындарында білім алуға деген ынтасының жоғалуы себептерінің бірі болды.


Депутат «Серпінге» серпін беретін бірқатар ұсыныс білдірді. Оның ішінде тиісті бұйрықтың нормаларын қалпына келтіру, диплом алған маманды тұрғын үймен қамтамасыз ету сынды мәселе бар.

З. Санай