Русский Сайттың толық нұсқасы

"Омикрон" әлемдік локдаунға себеп болмақ

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2021
  • 1207

"Омикрон" әлемдік локдауынға себеп болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пайымы осы. Бүгінде Ливанда коменданттық сағат енгізілуде, Оңтүстік Корея – барлық келушілер үшін 10 күндік карантин жариялады. Эстонияда елге келгендердің бәрі арнайы сауалнаманы толтыруы керек. Осы тектес шектеулерге қарамастан, коронавирустың жаңа штаммы бүкіл әлемге таралып келеді. Қолданыстағы вакциналар коронавирустың жаңа түріне қаншалықты төтеп бере алады? Мамандар сауалға жауып іздеуге кірісті.

Қауіпті инфекция Калифорнияда, атап айтқанда Сан-Францискода анықталды. Мемлекеттік билік бұған дейін локдаун жариялау қажет емес деген еді. Алайда Вашингтон басқа елдермен әуе қатынасын шектеуі мүмкін. АҚШ пен БАӘ-де жұқтырғандар Африкадан ұшып келгені белгілі болды. Әрі олар екпе қабылдаған. Осыны ескерген билік өкілдері үдеткіш дозаны алу, бетперде киіп жүру- сақтанудың ең тиімді жол екенін ескертеді.

Энтони ФАУЧИ, АҚШ БАС ИНФЕКЦИОНИСІ:

Екпе алыңыз, егер сізге қосымша екпе егу керек болса, жасаңыз. Үйде отбасыңыз толық вакцина алған болса, өзіңізді қауіпсіз сезінесіз.  Егер сіз көпшілік арасында жүрсеңіз, олардың вакциналау мәртебесін білмесеңіз, бетперде кигеніңіз жөн.

Жапонияда жаңа штамм белгілерімен екінші жағдайы тіркелді. Екі "тасымалдаушыда" вирусты Перу мен Намибиядан әкелген.

Эрнандо СЕВАЛЬОС, ПЕРУ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Бұл біздің елде болған жапондық адам. Біз бұл адаммен байланысуға тырысамыз, мүмкіндігінше байланыстарды қадағалап отырмыз. Бұл адам қазір Жапонияда және бір сағат бұрын ғана онымен байланысуға тырыстық.

Франция билігі Оңтүстік Африкаға ұшуға қойылатын талаптарды күшейтті. Сонымен қатар, келушілер ПТР тестінен өтіп, жеті күн оқшаулануы керек. Оған қоса, Африканың оңтүстігіндегі жеті елден әуе рейстерін қабылдау толығымен тоқтатылды. Сарапшылар қазір қолданыстағы вакцина Омикронға қарсы тұра ала ма деген сауалға жауап іздеуде.

Энтони ФАУЧИ, АҚШ БАС ИНФЕКЦИОНИСІ:

Мутацияның молекулалық профилі оның тез, әрі оңай жұғатынын және вакцинаның беретін қорғаныстан қаша алатынын болжайды. Бірақ біз мұны нақты білмейміз, дегенмен дайын болу керек.


Карантинге жабылмас үшін, мемлекеттік деңгейдегі шаралар қолға алына бастады. Африка елдерінен басқа, 11 мемлекетте жаңа штамм табылып отыр. ДДҰ халықаралық сапарларды толығымен тоқтатудың қажеті жоқ дейді. Тіпті карантинге жабылуды ұсынды.

Д. Жарқынбек