Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық полицей жұмыс орнында атылып қалды

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2021
  • 2364

Оралдық полицей жұмыс орнында атылып қалды. Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 7 жарым шамасында, қалалық полиция басқармасының ғимаратында болған. Өңірдегі полиция департаментінің дерегінше, ол қызметтік қаруды алғаннан кейін, өзіне оқ атқан. Бірақ оған не себеп болғаны әзірге жұмбақ. Белгілісі 20 жастағы кіші сержант, былтыр ғана әскери борышын өтеп келген. Биыл көктемде полицияға жұмысқа орналасыпты. Қалалық полиция басқармасының ғимараттын күзету тобында болған. Әріптестері қызмет барысында кәнірат болмағанын, жақсы жағынан ғана көрсете білгенін айтты.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сонымен бірге барлық себептер мен мән-жайларды анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізілуде. ҚР қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 201-бабы негізінде басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Е. Карин