Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық оқушы зымырандардың қозғалысын анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2021
  • 1957

Оралдық оқушы ғарыш кемелерінің қозғалысы мен Күн жүйесіндегі планеталардың координаттарын есептеудің тың тәсілін ойлап тапты. Енді бұл қосымшаны компьютер ғана емес, смартфонға да орнатып, қолдануға болады. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Дильназ Уашева, қосымшаны жасап шығару үшін құрбысымен бірге үш жыл тынбай еңбектенген. Енді осы бағдарламаның арқасында күн жүйесіндегі планеталардың бір ғасыр бұрын қандай қашықта болғанын немесе бір ғасырдан кейінгі қозғалысын да анықтауға болады. Ол  үшін электронды күнтізбедегідей қажетті уақытты енгізу  жеткілікті. Ғаламшарлар қозғалысы 3D графика түрінде көрсетіледі. Өнертапқыш оқушы жобасын кеңейтіп, зымырандардың ұшу траекториясын да анықтауды меңгерген.  

Дильназ УАШЕВА, ОҚУШЫ:

Біз АR технологиясы арқылы интерактивті платформаға шығарғымыз келеді. Осыдан кейін оны плеймаркет платформасына шығарғымыз келеді. Бар функцияларды жақсартып, АR технологиясын енгізіп, стартаптарға қатысып, мүмкін инвестициялар алуымыз мүмкін.

Ең басты ерекшелік - бағдарлама интернетсіз де жұмыс істейді. Бұған дейінгі қосымшалардан айырмашылығы- осы.

Жәмила ҚҰСАНОВА, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Қазіргі уақытта адамдар дейтін тек ана елге, мына елге серуендейміз демейді. Қазір ту ғарышқа барып келеміз дейді. Сондай кісілер өте көп. Сондықтан осы жоба бойынша олар виртуалды саяхат жасап барып келе алады.  


Е. Карин