64,6 миллион АҚШ доллары. Теңгені құнын сақтап қалу үшін бюджеттен осындай қаржы бөлінді. Ұлттық банктің мәліметінше, биржадағы теңге-доллар сауда саттығы рекордтық деңгейге жеткен. Сонымен бірге, сыртқы нарықтағы жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстанда долларға деген сұраныс та артыпты. Мамандардың сөзінше, бұған коронавирустың "омикрон" штаммының пайда болуы, мұнай бағасының күрт төмендеуі сияқты факторлар себеп болып отыр. Өкілетті органдар қабылданған шешімді дұрыс деп есептейді.
Ғазиз КӨРПЕБАЕВ, ҚҰБ МОНЕТАРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС ДИЛЕР-МАМАНЫ:
Алып-сатарлық ахуалдың күшеюіне және айырбастау бағамының тұрақсыздандыратын ауытқуларына жол бермеуге мүмкіндік берді. Банктердің қысқа позицияларына және бейрезиденттердің шығуына байланысты қосымша сұраныс толық көлемде қанағаттандырылды.
Экономист Асылхан Андашов та, Ұлттық банктің бұл әрекетін қолдап отыр. Оның сөзінше, мұндай тәсілдер Қазақстан секілді дамушы елдер үшін тиімді әдіс. Дегенмен, қабылданған шешімге қарамастан алдағы уақытта да теңгенің құнсыздануы жалғаса береді, дейді.
Асылхан АНДАШОВ, ЭКОНОМИСТ:
2020 жылы Ұлттық банк 1 жыл ішінде 1,9 миллиард АҚШ долларына тең интервенция жасаған болатын. Ал, кешегі 65 миллион АҚШ долларлық интервенция оның алдында түк те емес. Ал Ұлттық банктің резерві 55 миллиард доллар болғандықтан, оның алдында бұл сомма ондай үлкен емес.
А. Данияр