Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде құмар ойындар бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың көзі жойылды

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2021
  • 4114

Ақтөбе облысында 10 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Олар құмар ойындар бизнесін жандандарған. Заңсыз ойын ойнайтын 16 электронды казино ашқан. Мұны облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті хабарлады. Ммамандардың дерегінше топ құрамындағылардың әрқайсысы, атқаратын рөлдерді бөлісіп алған. Бірі оператор-кассирлерді бақыласа, өзгелері ойын терминалдарының жұмысын қадағалап, ақшаны шығарып алуға жауапты болған.

Жадан БИСЕМБИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Қылмыстық топ Ақтөбе облысының аумағында Stavkabet.kz букмекерлік кеңселер түрінде 16 заңсыз ойын мекемелерін – электронды казино ұйымдастырған. Барлық тәркіленіп алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық мүшелері әртүрлі мерзімге: 2 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Г. Сейтенова