Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында жол салып жатқандар топырақ үстіне асфальт төсеп жүр

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2021
  • 1417

Атырау облысында жол салып жатқандардың әрекеті, жергілікті тұрғындардың ашуын туғызды. Әлеуметтік желіде тараған таспада, жаяу жүргінші жолын салып жатқандар топырақ үстіне, асфальт төсеуде.

Ауыл тұрғыны себебін сұрағанымен, жауап беретін жан таба алмады. Ауыл халқы жылдар бойы күткен жол сапасыз бола ма деп уайымға түсті. Мердігер компания өкілі,  жүргіншілер жолы жоба бойынша салынып жатқанын айтып ақталды.

Наурызбек САБИРОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ:

Тротуар 10 см асфальт, 15 см пгс. Сол нормамен салып жатырмыз. Жобадан ауытқымаймыз ешқашан. Кепіл уақыты - 2 жыл. Оны қадағалаймыз.  8 шақырымның 3,3-ін салдық. Ауа-райына байланысты жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Егер кішкене салқын болса жұмысты тоқтамытыз.

Негізі бұл жұмыстар биыл бітуі тиіс еді. Алайда қаражат кеш бөлінуіне байланысты келесі жылға шегерілген. Құрманғазы аудан әкімін жол сапасы толғандырмайтынға ұқсайды. Өйткені аталған жағдайға байланысты сұхбат беруден бас тартты.

Б. Надірқызы