Көктемде су тасқыны болуы мүмкін. 250 елді-мекен қауіпті аймақта тұр. Бұл туралы Мәжілістегі азаматтық қорғау жүйесіне қатысты Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі мәлімдеді. Министрдің айтуынша, одан бөлек биыл жазда 405 адам суға кеткен, оның 134-і бала. Балалардың судағы өлімі ерекше алаңдаушылық туғызып отыр дейді министр. Олардың өлімінің себептері - балаларды қараусыз қалдыру және жеткіншектердің бос уақытын ұйымдастыра алмауда.
Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
Шомылуға тыйым салынған орындарда тыйым салатын және ескерту белгілері орнатылады. Биыл еліміздің су айдындарында 405 адам, оның ішінде 134 бала қаза тапты, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5,1 % - ға төмен. Алайда балалар өлімінің өсуі 20,7% - ды құрады.
А. Базарбай