Русский Сайттың толық нұсқасы

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының басшысы Жүрсін Ерманның құдасы болып шықты

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2021
  • 1962

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус, қазақша сөйлеп жұртты таңқалдырды. Әдеттегідей мінберге шығып, ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Қазақтың шапанын киіп, құдасы - ақын Жүрсін Ерманды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Тедрос Адханом ГЕБРЕЙЕСУС, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Құрметті, Жүрсін құда! Мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор болсын. Өміріңіз ұзақ болсын. Құдалығымыз мәңгілік болсын.


Әлемнің бас дәрігері ақ жарма тілегімен бірге ақынның өлеңін де оқыды. Бұл көпшілік күтпеген жаңалық болды. Жүрсін Ерман осыдан 4 жыл бұрын жиен немересін Тедростың ұлына ұзатқан екен. Бас құда мерейтойға келе алмағандықтан, видоеқұттықтау жолдапты.

Жүрсін ЕРМАНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН:

Ардақ деген қызымнан туған қыз бар Айдана деген. Қазір Швейцарияда тұрады. ДДСҰ бас директорының баласына тұрмысқа шықты Аман деген балаға. Атасын қазақша сайратып қойса оның несі айып?

А. Данияр