Алматы қаласында ауыз су мәселесі алдағы 2 жылда толық шешіледі. Бұл туралы бүгін шаһар әкімі Бақытжан Сағынтаев, Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Мегаполис басшысына қойылған сұрақтардың тең жартысы таза суға қатысты болды. Бертінде ғана қалаға қосылған Алатау және Наурызбай аудандары инфрақұрылымнан ада. Әкім аталмыш аудандарда жол, кәріз, жарық мәселелері шешілмеген дейді. Қазір осы бағатты жұмыстарды қолға алыпты.
Бақытжан САҒЫНТАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Мысалы Наурызбай ауданында су жетпейді. Жаздың кейбір күндері «водовозбен» су әкеледі. Қараңыз, ХХІ ғасыр, «водовозбен» су тасимыз. Неге? Судың көлемі жетпейді. Өйткені тау жақтан әкелетін су қондырғысының қуаты төмен. Халық саны өсіп жатыр. Су келетін құбырдың өзі кішкене. Ал жазда жер үйде тұрған соң, әрқайсының ауласында бақша бар. Оны күтуге де су керек. Жазда су деңгейі осы себепті түседі.
Бұдан бөлек, әлеуметтік нысандар салу жалғасын таппақ. Медициналық қызмет пен кадр тапшылығы да күн тәртібінде тұрған мәселе екенін айтты. Жол салу жұмыстары да тоқтамайды деді.
Д. Жарқынбек