Русский Сайттың толық нұсқасы

"Талантты жастар еліміздің болашағына деген сенімді нығайта түседі", - Қ.Тоқаев

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2021
  • 963

Талантты жастар елдің болашағына деген сенімді нығайта түседі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Елордада өткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау салтанатында осылай деді. Мәртебелі марапат егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында табысталып отыр. Үздік отыз жобаның авторларының есімі аталды. Олардың әрқайсысы 3 миллион теңгеден сыйақы алды. Арасында 14 пен 29 жас аралығындағы жастар да бар.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жастарды қолдау үшін тұрғын үй бағдарламалары және арнайы жобалар жүзеге асырылуда. Мәдениет және ғылым саласында табысқа жеткен дарынды жастарға мемлекеттік сыйлық берілуде. Бүгінгі іс-шара сіздердің бастамаларыңызды және шығармашылық жоспарларыңызды жүзеге асыруға тың серпін беретініне кәміл сенемін.


З. Санай