Русский Сайттың толық нұсқасы

Омикрон штамына байланысты Еуропада карантин күшейтіледі

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2021
  • 1440

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 267 миллионнан асты. Шығыс Еуропа елдерінде ауруға шалдыққандар күрт өсті. Ал Economist журналының сарапшылары әлемде коронавирус құрбандарының шынайы саны ресми статистика көрсеткендей 5 миллион емес, шамамен 17 миллион адам екенін есептеді.

Заң қатал. Бірақ заңның аты - заң. Финляндияда премьер-министр Санну Марин карантин талаптарын сақтамай,  достарымен түнгі клубқа барғаны үшін кешірім сұрады. Дегенмен таңертең ғана саясаткер елдің ауру жұқтырып алған сыртқы істер министрімен байланыста болған. Енді Финляндия "Омикрон" штамы табылған елдердің қатарына қосылды.

Санна МАРИН, ФИНЛЯНДИЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мен өз іс-қимылымды қадағалап, клубқа бармай, адамдардан аулақ болуым керек еді. Мен, әрине, өз қылығым мен әрекетім үшін кешірім сұраймын. Өзімді жақсы жағымнан көрсетпедім.

Ұлыбритания премьер-министр де кешірім сұрауға мәжбүр болды. Борис Джонсон өткен жылы қарантин қарсаңында өткен кешке қатысты біраз сынға ұшырады. Бұқаралық ақпарат құралдарында премьер-министрдің қызметкері ол туралы сұрақтарға күліп жауап берген видео тараған болатын. Енді "Oмикрон" штамынның таралуын тоқтату үшін В жоспары қабылданады деп күтілуде. Үкімет қашықтан жұмыс істеуді қамтитын жаңа шектеулер енгізеді. Әзірге күшейтілген карантин туралы сөз қозғалған жоқ.

Борис ДЖОНСОН, ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

"Омикрон" штаммы алдыңғы дельтаға қарағанда әлдеқайда жылдам таралатыны анық бола бастады. Әзірге біз омикрон қауіпті емес деп айта алмаймыз ... Бұл ауруханаға жатқызулар санының айтарлықтай өсуіне және ,өкінішке орай, өлімге әкелуі мүмкін.

Украинада COVID-19 шалдыққан науқастардың жалпы саны 3 миллионнан асты. Билік шектеуді күшейтудің орнына, алдап-сулап әрекет етуді жөн көрді. Әрбір екпе алған адамға 37 доллар төлемекші. Олар осылайша иммундау көрсеткішін 70%-ға жеткіземіз деп үміттеніп отыр. Ал Чехияда омикрон штамының екі жағдайы анықталды. Күніне 27 мың адам короновирус жұқтырғанын ескерсек, ауруханаларда медициналық кадрлардың жетіспеуі мәселені қиындатып отыр.

Вацлав РИКАР, АУРУХАНА ӨКІЛІ:

Кеше біз омикрон штамының екінші жағдайын растадық. Науқастарда ауру жеңіл өтуде. Чехиядағы барлық ауруханаларда сол бір мәселе - науқастарды емдейтін қызметкерлер жоқ.


Дүние жүзінде ресми тіркелген жағдайлардың саны 267 миллионнан асты. Өлім көрсеткішіне келетін болсақ, пандемия басталғаннан бері 5 миллионнан астам адам қайтыс болды. Economist журналы есептегенімен, өлім-жітімнің шынайы саны шамамен 17 миллионға жеткен.

А. Базарбай