Русский Сайттың толық нұсқасы

Nur Otan-да тараптардың тең құқылығын арттыру тәсілдері талқыланды

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2021
  • 1926

Елордада қылмыстық процесте тараптардың тең құқығын арттыру тәсілдері талқыланды. Алқалы отырыс "Nur Otan" партиясы жанындағы Құқықтық кеңес алаңында өтті. Жиында қылмыстық процестегі сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту, судьяның, прокурордың және адвокаттың жауапкершілік деңгейін арттыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, шарада сот талқылауларында жарыспалылықты дамыту қажеттілігі туралы айтылды. Өйткені сот талқылауы Кеңес заманында қандай болса, сол күйінде қалған дейді- жиналғандар.

Асылбек МҮСІРӘЛИНОВ, ЖОҒАРЫ СОТ ЖАНЫНДАҒЫ СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Сондықтан соттар айыптау парадигмасының ескіргенін сынға алады. Қазір сотқа барлық материалдар бірден түседі. Оларды оқығаннан кейін, судьяға айғақтар мен дәлелдемелерді бүге-шүгесіне дейін зерттеп әуреленбей-ақ тергеумен және прокурормен келісе салу оңайырақ. Сондықтан біз сотқа тек прокурордың айыптау актісі мен адвокаттың қорғау актісі ғана енгізілуі керек деп есептейміз. Тікелей сот залында әрбір тарап өз дәлелдерін көпшілік алдында ашық келтіре отырып, сөзін дәлелдеуіне жағдай жасалу керек. Бұл өз кезеггінде судьялардың әділдігін сақтайды.


Жиында күн тәртібіндегі мәселелер қызу талқыға түсті. Жауапты мамандар пікірлерін ортаға салып, бірқатар ұсыныстар әзірледі. Олар уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі-деді кеңес төрағасы.

Б. Сатуов