Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында шығысқазақстандықтарға мемлекеттік наградалар табыс етілді. ЗКТ: Мұндай құрметке мұғалімдер, дәрігерлер, металлургтер, аграршылар, спортшылар және зиялы қауым өкілдері ие болды. Жалпы саны 80-нен астам адам төс белгі, Құрмет грамоталарын алды. Аймақ басшысы олардың еңбегінің арқасында облыс көп көрсеткіштер бойынша республикада көш бастап келе жатыр деді. Өңірде жаңа кәсіпорындар ашылып, инновациялық идеялар өндіріске, білімге енгізілуде. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша облыс алғаш рет миллионыншы межеден өтті. Жаңа медициналық орталықтарда есігін айқара ашты. Ал бұл, облыс әкімі атап өткендей, ең алдымен тұрғындардың өлшеусіз еңбегі.
Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Біз Сіздермен 30 жыл қиын өмір сүрдік. Осы жылдар мемлекетіміздің қалыптасу жылдары болып табылды. Тәуелсіздігіміздің қалыптасуы. Қазақстан тарихының алтын беттерін Сіз, қымбатты жерлестерім, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге жаздыңыздар.