Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс Төрағасы депутаттарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2021
  • 1411

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай депутаттар мен Аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды. Мәжіліс Төрағасы халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін  Аманғали Бердалинге, Аманжан Жамаловқа, Ирина Смирноваға және Бақытбек Смағұлға «Парасат» орденін табыстады. Ал, Мәжіліс депутаттары Азамат Әбілдаев, Айқын Қоңыров пен Айбек Паяев «Құрмет» орденімен  марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар  депутатқа «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. Мәжіліс спикері депутаттық корпусты Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтай отырып, мемлекеттің тиімді тұжырымдамалық негізін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалағанын, оның саясатын бүгінде мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табысты жалғастырып келе жатқанын атап өтті.

Д. Жарқынбек