Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің бес өңірінде есірткі таратушылар желісі жойылды

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2021
  • 1523

Еліміздің бес облысында көтерме дәрі-дәрмек таратушылар желісін жою бойынша ауқымды арнайы операция өтті. Нәтижесінде қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Қылмыстық топтың құйтырқы әрекеті қараша айының басында көзге түскен. Олардан екі жарым келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Енді сотқа дейінгі іс жүргізу барысында барлық ұсталғандар ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері екендігі дәлелденсе, қылмыскерлер он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге сотталады.  Немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Б. Сатуов