Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда қошқар 18 млн.теңгеге сатылды

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2021
  • 2993

Түркістанда асылтұқымды қошқар 18 млн теңгеге сатылды. Жергілікті шаруа қожалығының басшысы  ерекше түлігін  40 мың АҚШ долларға бағалап,  сатылымға шығарған. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланды. Видео авторының айтуынша, Каштан есімді қошқар тарихтағы ең қымбат асылтұқымдыға жатады, және ол қолма қол ақшаға сатылған. Аталық қойдың бойы 1 метрден асады. Саудалаушының айтуынша, бұл қошқарды осыдан 4 жыл бұрын 10 мың долларға алыпты. Енді аталық қойды жергілікті фермерге сатқан.