Пандемия басталғалы елімізде тұңғыш рет Атырауда тәуліктік көрсеткіш бойынша коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Бұл -керемет жаңалық. Екі ай қызыл аймақтан шыға алмаған Солтүстік Қазақстан облысында да коронавирус жұқтыру қарқыны бәсеңдеген. Өткен аймен салыстырғанда науқастардың саны үш есе төмендеді. Эпид жағдайдың тұрақталуына байланысты Қызылжар өңірінде бүгіннен бастап карантин шаралары жеңілдетілді. Облыста 265 мыңнан астам адам короновирусқа қарсы вакцина алған. Бұл -өңір тұрғындарының 71 пайызы.
Арман КҮШБАСОВ, СҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз 12 жастан асқан балаларға және жүктіліктің мерзімі 16 мен 37 аптаның арасындағы әйелдерге вакцина салуды жалғастырып келеміз. Осы уақытқа дейін аталған санатқа жататын 4560 адамға екпе салынды. Оның 3513-і жасөспірімдер, 928-і бала емізетін әйелдер, қалғаны жүкті келіншектер.
А. Құрманкин