Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2021
  • 1115

Атырау облысының әкімі  орынбасарының кінәсі дәлелденсе отставкаға кетуге дайын. Бұл туралы Махамбет Досмұхамбетовтың өзі айтты. Қол астындағы қызметкерлерінің істі болғаны оны да бей-жай қалдырмаған.   Оның айтуынша,  Бақытгүл Хаменованың орны әлі   бос тұр. Еске сала кетейік,  облыс әкімінің орынбасары қазір  үй қамақта отыр. Оған 4, 5 миллион теңге пара алды деген айып тағылған.    

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Егер қол астымдағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен отставкаға кетуім керек. Ал ондай шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды.

Өзге шенеуніктерден де "осы жағдай өздерінің басынан өтсе, отставкаға кететін- кетпейтінін" сұрап көрдік.

БЛИЦ:

- Дайынмын.

- Әрине, ондай жағдай болса егер сотталса біреу мен онда арызымды беремін.


А. Данияр