Русский Сайттың толық нұсқасы

Зейнетақы жинағына қатысты тағы өзгеріс бар

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2021
  • 2247

Зейнетақы қорында тағы да күтпеген жағдай. Жинақтағы қаржыны жұмсау мерзімі еш дәлелсіз 2 есеге қысқарды. Осыған дейін 45 күн болса, енді 20 күн. Бұл өзгеріске  мәжіліс депутаттары да аң-таң. Мемлекет басшысының биылғы   Жолдауында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» депозитке аударуға рұқсат берген. Бірақ, тиісті түзетулер 2021 жылдың 10 желтоқсанында ғана қабылданды. Қоғамда үлкен резонанс тудырған тағы бір мәселе - жинақ шегінің өсуі. Бұл өз зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндігі бар салымшылардың саны 600-ден 150 мың адамға дейін, яғни 4 есе азайған. «Nur Otan» фракциясының мүшелері ең төмен зейнетақы мөлшерін пайдалана отырып, 2022 жылға арналған ең төмен жеткіліктілік шегін қайта есептеуді ұсынды.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жеткіліктілік шегін есептеу жөніндегі  өкілеттіктерді бекіту тиіс. Зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімін 45 күннен 20 күнге дейін қысқарту бойынша түсінік беруді сұраймыз. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізіп, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірлеуге жауаптыларды жазалау ұсынылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы қойылған сұрақтың біреуіне де нақты жауап бере алмады. 20 жастағы адамдар үшін неліктен 3 миллион теңгеден астам қаржы белгіленгенін де түсіндірмеді.  Мәжіліс төрағасы Жанат Құрмановтың жұмысына көңілі толмайтынын ашық айты.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бір айдың ішінде елге, халыққа алдына шығып көп сұрақтарға жауап болған жоқ сіздің жақтан. Бір мәселеге жауап бере алмайсыз. Тікелей сұраққа сол жақтан да оң жақтан да кіретін жолды іздеп. Қалай басқарып жүрсіз соны білмейсіз.

А. Данияр