Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы тәулікте елімізде коронавирус инфекциясының 379 жағдайы анықталды

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2021
  • 1545

Соңғы тәулікте ел ішінде, Ковид-19 жұқтырған 379 адам тіркелді. 2 адам індеттен көз жұмды. Жауапты министрліктің ресми ақпараты бойынша, қазір ауруханаларда 16 мыңнан астам науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның 293-інің жағдайы ауыр. Тағы 58 адам өкпені жасанды желдету құрылғысына жүгінген. Енді екпе алғандар бойынша мәліметтерге тоқталсақ: індетке қарсы вакцинаның I-ші компоненттін алғандар саны 9 миллионға жуықтайды. Ал II компонентінде қабылдағандар 8 жарым миллион шамасында. АҚШ екпесі рұқсат етілген жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге қатысты ресми ақпараттар жаңартылмаған.

Ә. Дүкембаева