Доллар келесі жылы 470 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов болжады. Қазақстан қор биржасы сессиясының қорытындысы бойынша доллардың бүгінгі бағамы - 436 теңге 25 тиын. Астаналықтар теңгенің құнсыздануы, азық-түлік бағасына әсер ете ме деп қорқады. Толығырық әріптесім Динара Жарқынбек айтып береді.
Доллар бағамы соңғы кезде жиі өзгеретін болды. Тұрғындар бұл азық-түліктің бағасына әсер ете ме деп алаңдайды. Себебі, жалақыдан жалақыға жан бағу, онсызда оңай болмай кеткеніне шағымданды. Долларды сатып алудан қалғалы қашан,- дейді.
БЛИЦ:
- Сатып алатын жағдай жоқ. Не бар соны жаратып жүрміз.
- Бізде сақтайтын ақша жоқ. Бай адамдар сақтап жатқан шығар. Мен білмеймін.
- Айлық көрсеткіші қазір жетсе де жетпесе де осы болып тұр ғой барлығы. Жұмыс істеп жатырмыз.
Сарапшылардың саралауынша әлем экономикасы да қазір шатқаяқтап тұр. Оған омикрон штамы себеп болған. Осының кесіренен мұнай бағамы арзандады. Ал, бұл өз кезегінде теңгенің де әлсізденуіне соқтырған.
Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:
Бүкіл қаражатыңызды бір валютада сақтамаңыз. Бәрін долларға да салып қоюға болмайды. Бөліп бөліп 3 валютада ұстаңыз. Біраз бөлігін долларда, біразын еврода, біразын теңгеде деген сиякты. Болмаса оның орнына алтын да алуға болады. Шетел валютасын сатып алып қою керек. Көбірек басымдықты сол жаққа беру керек.
Экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов болса, қаржы саласында алдағы жылы да айтарлықтай қиындықтар болуы мүмкін екенін жасырмайды. Оның болжамына сай, келер жылы 1 доллардың құны 455-470 теңге аралығында сатылмақ.
Д. Жарқынбек