Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ мұнайының қарашаңырағында 10 жылда көпқабатты екі-ақ үй салынған

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2021
  • 3284

Қазақ мұнайының қарашаңырағы - Атырау облысы Мақат ауданында апатты үйлер көбейіп кеткен. Соңғы 10 жылда көпқабатты 2-ақ үй пайдалануға беріліпті. Сондықтан аймақта үйіндінің астында қаламыз ба деп үреймен өмір сүретіндер саны артып отыр. Айтуларынша, мәселені айтып әкімдікке қанша барғанымен, бас ауыртып жатқан басшылар табылар емес. Тауы шағылған тұрғындармен тілшіміз тілдесіп қайтты.

Мақат ауданының тұрғыны көпбалалы ана Жаңыл Аяпбергенованың апатты үйді паналап жүргеніне 3 жылдан асқан. Барар жер басар тауы болмаған соң, мына аядай бір бөлмелі пәтерді 1 млн теңгегені бөліп төлеуге келісіп, сатып алыпты.    Салынғанына 70 жыл болған ескі үйгі алуға шарасыздықтан бардым,- дейді. Алайда сол жылы қыста-ақ шатыры ұшып, жарылған қабырғаларынан жел гулеп, отырғызбаған. Ал көмек сұрап барған отбасын, аудан әкімі кеудесінен итеріп, көмек берілмейтінін ашып айтқан.

Жаңыл АЯПБЕРГЕНОВА, МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әке – шешең қайда? Туған әкең неге көмектеспейді саған деп көрге жатқан әке шешемде не жұмысы бар? Сіз Үкіметтен ешқандай үй дәмеленбеңіз. Қазір ешқандай үй жоқ.  Сіз ештеңе істей алмайсыз деді. Квартира жалдап отырмыз. Амалымыз жоқ.

Бірлік көшесіндегі алты пәтерлік жатақхананың салынғанына да  60 жылдан асқан. Кезінде қызметтік пәтер ретіндегі  баспана, бүгінде ат қораға ұқсайды. Тұрғындардың айтуынша, 2005 жылы қатты нөсерден соң апатты деп таныған. Алайда осындағы бір тұрғынға ғана баспана беріп, қалғанын дымсыз қалдырған. Иесіз қалған пәтер қазір тентектерінің жиналатынын орнына айналыпты. Жан бағып отырғандар, онсыз да құлағалы тұрған жатақтың астында қаламыз ба деп қорқады.

Марат БАЙМҰРАТОВ, МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жас балалар арақ ішкен, от жаққан үйге түтін келеді дейді үйдегілер айтады, келіп қарасам от жағып отырған. Пиво, арақтың ыдысы жатыр.


Сәуле ДҮЙСЕНОВА, МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

2005 жылы біздің арызымыз болды. Оны бас мамандар жоғалтып жіберді. Қайта қайта бардық, арызымызды таба алмадық. 2005-те бұл жер апатты жағайда тұрған үй. Ол әкімдерден қазір өмірден озып кеткен. Арыз бердік хозяйн беріп жатыр, балам беріп жатыр. Кайным беріп жатыр. Ешкім сығалап қараған жоқ. Мына үй өртеніп кетсе, кім жауап береді.

Жергілікті әкімдік апатты үйлердің жыл сайын көбейіп бара жатқанын мойындайды. Қазір мұнда 98 пәтер апатты жағдайда тұр. Бұл тек – сараптамадан өткені ғана дейді. Үйі тұруға жарамаса да арнайы мамандардан қорытындысын алуға асықпай жүргендер де жетерлік екен.

Темірбек ІҢІРБАЙ, МАҚАТ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Авариялық үйлер көбейіп бара жатыр ғой ауданда. Доссор кентінде 5 екі қабатты үй, қалғандары бұрынғы 40-ыншы жылдарында салынған барак үйлер.  60-пәтерлік салып пайдалануға берсе, басымдылықтың көбін авариялыққа береміз деп отырмыз.

Қазақ мұнайының қарашаңырағы саналатын ауданда соңғы 10 жылда 60 пәтерлік екі-ақ үй пайдалануға берілген. Тағы біреуінің құрылысы салынып жатыр. Бірақ жаңа баспана, апатты үй тұрғындарына берілмейді. Әкімдік оны тек кезекте тұрғандарға ғана үлестірмек. 98 адам кезегін күтіп отыр.

Б. Надірқызы