Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО төтенше жағдай мамандары базарлардан жүзден астам өнім тәркіледі

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2021
  • 1576

Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдай мамандары, мерекелік отшашулардан қауіп жоғары екенін ескертеді. Олар жаңа жыл қарсаңында ерекше тәжірбие жасап көрді. Адам сұлбасын жасап, оның "қолынан" отшашуды шашты. Қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан, "манекен" отқа оранды.

Бүгінде базарларда отшашулар, петардтар және жарылғыш заттардың барлық түрлері саудағы шығарылды. Төтенше жағдай мамандары олардың барлығы қауіпсіз, әрі сатылымға жарамды деп есептемейді. Өрт қана емес, сонымен қатар ащы түтіннен улану фактілерін жоққа шығармайды. Құтқарушылар қазіргі таңда полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп,  базарларда профилактикалық рейдтер жүргізуде. Тексеріс барысында, пиротехникалық заттарды рұқсатсыз сатқан тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыста құтқарушылар мен полицейлер 50-ден астам рейд жүргізіп, 100-ден астам  өнім тәркіледі.

Марина ЛИСКОВА, ШҚО ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Біз бенгал шамдарымен байланыстырылған 2 тәжірибе жүргіздік.  Кілемге түсетін кез келген ұшқын тұтану немесе оттың бүкіл қонақ бөлмесінде таралуына әкелетінін көрсеттік. Екінші экспериментте  пиротехниканың күші, қолды сындыратын күш екенін жеткізді.

Ә. Дүкембаева