Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2021
  • 797

Нұр-Сұлтанда карантин талаптары тағы да күшейтілуі мүмкін. Дәрігерлер сырқатқа шалдыққандар көбейгенін мәлімдеді. Ел астанасының "Жасыл аймаққа" өткеніне бір апта ғана болды. Бірақ жағдай ушыққан. Тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 7 адамға өсіпті. Жалпы республика бойынша бір күнде 416 жағдай тіркелген. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда, 47 науқасқа көп. Әсіресе дертті жұқтыру дерегі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы көш басында тұр. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коновирустан 6 адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Ал пандемия басталғалы 13 мыңға жуық науқас көз жұмған. 1 млн- ға жуық адам аурудан емделген. Мамандар тұрғындарға бетперде тағып, әлеуметтік қашықтық сақтап жүруге кеңес береді.

А. Қуаш