Қостанай облысындағы қосалқы электр станциясы өртке оранды. Осының салдарынан Құсмұрын кентінің тұрғындары жарықсыз қалды. Төтенше жағдайдың себебі әлі белгісіз. Белгілісі қызыл жалын біраз аумақты шарпып өткен. Өртті сөндірушілер тілсіз жаумен 7 сағат бойына арпалысты. Тіпті арнайы пойыздар жұмылдырылған. Трансформатор кент сыртында орналасқандықтан, тұрғындарға қауіп төнген жоқ. Жарықсыз қалған жұртшылықты электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Кейбір абонентерді Қарасу және Науырзым сынды көршілес аудандардың электр желілеріне қосу арқылы қалпына келтірілген.
Әлжан ҚАДЫРЖАНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ӨРТТІ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Өрт 70 шаршы метр аумаққа жайылды және жақын тұрған трансформаторларға қауіп төнідірді. Өртті жоюға екі өрт сөндіру пойызы және 3 бірлік техника сондай-ақ жеке құрамның 40 адамы қатысты. Өрттің себебін анықтау үшін ТЖД өрт зерттеу сынақ зертханасының мамандары анықтап жатыр.
З. Санай