Түркістан облысында төрт күн бойы іздеуде болған жасөспірімнің денесі кәріз құдығынан табылды. Қайғылы жағдай Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында тіркелді. Анасының айтуынша 14 жастағы ұлы, өткен сенбі күні үйден шығып кеткен. Қайтып оралмаған соң, полициядан көмек сұраған. Жоғалған жасөспірімді аудандық полиция бөлімінің мамандар іздеген. Нәтижесінде 8-ші сынып оқушысының мәйітін өз үйінің ауласындағы кәріз құдығынан тапқан.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Алдын ала болжам бойынша, кәмелетке толмаған жасөспірім септикке құлап, қайтыс болған. Сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
А. Төребекқызы