Русский Сайттың толық нұсқасы

«R.О.I.» ТК арқасында оралдық 20 отбасы баспаналы болды

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2021
  • 797

Аз уақытта арзан баспана! Орал қаласының 20 тұрғыны «R.О.І» (РОЙ) тұтыну кооперативі арқылы жаңа пәтерлерге қоныстанды. Қуанышы қойнына сыймаған оралдықтар қазір қоныс тойына әзірленіп жатыр. Айта кетелік, еліміздегі тұрғын нарығына серпіліс әкелген бұл кооперативтің көмегімен кез-келген адам үй немесе автокөлік сатып ала алады. Әрі рәсімдеу процесі де ипотекалық бағдарламалардан әлдеқайда тез. Тілшіміз жалғастырады.

Оралдағы жаңа ықшамауданнан баспанаға ие болғандардың бірі - Жазира Ғаділшиева. Ол үш бөлмелі пәтер сатып алу үшін алғашқы жарнаға небары 200 мың теңге төлеген. Бұдан кейін екі жыл бойы үзбей табысының бір бөлігін болашақ үйінің төлеміне аударыпты.

Жазира ҒАДІЛШИЕВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Артымыздан келе жатқан барлық салымшыларға осындай үй бұйырсын дейміз. Рой кооператив ұжымына алғысымды білдіреміз, өте қуаныштымыз, келіңіздер, пайызы өте төмен, жоқ десек те болады.

Орынғали ОЛЖАС, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Алғашқы пәтерімізді осы 19 жасымда алып отырғаныма өте қуаныштымын. Осы алдағы уақытта осы үйде отбасын құрып, болашақта тұруға ниеттімін. Осы «РОЙ» кооперативінің артықшылықтарының бірі туралы айта кететін болсақ, пайызсыз баспанаға аз ғана уақыттың ішінде ие бола аласыздар.

Қуанышы тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген оралдықтар енді қоныс тойын тойлауға қамданып жатыр. Ал «R.О.I.» кооперативінің өкілдері еліміздегі баспанаға мұқтаж жандардың арманын орындап, кемінде халықтың бір пайызына үй сыйлауды мақсат етіп отыр.

Арген НҰРЖАНОВ, «R.О.I.» ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өзіміздің жаңа үйлерімізді салып та бастадық және де мыңнан астам, яғни, 1300 пәтер қазақстандықтарға біз пәтер бердік. Неге біздің кооператив дейтін болсақ, ол пайызсыз баспана болғаннан кейін және бөліп-бөліп төлейтін болғасын, көп адам бізді таңдауда.


«R. O. I» кооперативі арқылы кез-келген адам пәтер, жер телімін немесе автокөлік сатып ала алады әрі рәсімдеу процесі ипотекалық бағдарламалардан тез және арзан. Бұған дейін осы кооперативтің 2000-ға жуық салымшысы баспаналы болыпты.

Е. Карин