Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Б.Хаменова қайтадан қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2021
  • 5632

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменова қайтадан қамауға алынды. Мамандандырылған тергеу соты прокурордың өтінішхатын қанағаттандырған. Экс-шенеунік енді үй қамақта емес, 2 ай мерзімге тергеу изоляторында отырады. Атырау облыстық сотының мәліметінше, сот алқасы аймақтағы ықпалды адам ретінде істі объективті тергеуге қысым көрсетуі мүмкіндігін назарға алыпты. Еске салайық, экс-шенеунік сыбайлас жемқорлық қылмысқа қатысы бар деген күдікке іліккен. Облыс әкімі орынбасары қызметінен босатылмаған. Бірақ оның қызметін, қазір әкімнің өзге орынбасарлары атқарып жүр екен.

Ержан ТӨЛЕК, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазір соттан ешқандай шешім келген жоқ. қазір тергеу изоляторында жатқанын өздеріңіз білесіздер. Сондықтан жалақы жүрмейді, жұмыста болмауына байланысты. Ал оған қарасты орынбасарлар  әкімнің өзге орынбасарларына бөлініп берілді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бақытгүл Хаменова 4,5 миллион теңге пара алды деген айып тағылып отыр. Ол Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасасқан жеке серіктестік басшысымен алдын ала сөз байлансқан деген күдік бар. Желтоқсанның ортасында ұсталды.  2 баласы мен қария анасының жалғыз асыраушысы екені ескеріп, үйқамаққа ауыстырылған болатын.