Ақордада, ел ішінде орын алған жанар-жағармай тапшылығы сөз болды. Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев, Экология министрі Мағзұм Мирзағалиевті қабылдағанын хабарлады. Министр мұнай өнімдерінің резервтік қорын құруға уәде етті. Сонымен қатар Мемлекет басшысына мұнай өнімдері нарығындағы жағдай және алдағы уақытта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау шаралары туралы баяндалды. Министр мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарының мерзімін қысқартуды және 200 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерінің резервтік қорын құру жоспарланып отырғанын жеткізді.