Русский Сайттың толық нұсқасы

Жанар-жағармай тапшылығы, Ақордада көтерілді

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2021
  • 1326

Ақордада, ел ішінде орын алған жанар-жағармай тапшылығы сөз болды. Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев, Экология министрі Мағзұм Мирзағалиевті қабылдағанын хабарлады. Министр мұнай өнімдерінің резервтік қорын құруға уәде етті. Сонымен қатар Мемлекет басшысына мұнай өнімдері нарығындағы жағдай  және алдағы уақытта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау шаралары туралы баяндалды. Министр мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарының мерзімін қысқартуды және 200 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерінің резервтік қорын құру жоспарланып отырғанын жеткізді.