Русский Сайттың толық нұсқасы

Азық-түлік бағасы жаңа жылдан бастап тағы да қымбаттайды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2021
  • 1775

Жаңа жылдан бастап, азық-түлік бағасы тағы да қымбаттайды. Мұны сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты. Мәселені шешуге министрлік қауқарсыз деп қосты. Бұған ең төменгі жалақының 2022-ші жылдан бастап өсуі себеп деді.

Бақыт СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:


Жалақы көбейгеннен тауардың да бағасы көтеріледі. Тауардың бағасы көтерілгеннен жалақыны көтеруге жұмыс жасау керек. Бірақ негізі жалақыны көтеру үшін біз істеп шығаруды көтеруіміз керек.

Елордалықтар баға күн сайын өсіп келе жатқанына шағымданды. Қымбатшылық қалтаны қаққанын айтады.  Бағынбай бара жатқан бағанының салдарынан ет жеуден қалған отбасылар да бар.

БЛИЦ:

- Етті мүлде көрмейміз. Күнде не жейміз, не ішеміз деп.

- Халыққа әрине қиын. Бәрі қымбат.Өте қымбат.

- Қиын болады бізге, бізге қиын.


Б. Сатуов