Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада сотталғандар балаларына жаңа жылдық сыйлықтар дайындап жатыр

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2021
  • 1956

Қызылордада сотталғандар балаларына жаңа жылдық сыйлықтар дайындап жатыр. "ЗК - 169/5" мекемесінде жазасын өтеушілер әр түрлі қол өнер бұйымдарын жасауға кіріскен. Бар ынта-ықыласымен әзірлеген сыйлықтарын жақындарына сыйлап, қуантқысы келеді.

"ЗК - 169/5" мекемесінде қазір  400-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр. Олардың барлығы жұмыспен қамтылған. Қолының ебі  барлары ұсталықпен айналысады.     Көздің жауын алар мынау бұйымдардың барлығын сотталушылардың өздері жасаған. Қазір әрқайсысы өз жақынын қуанту үшін  жаңа жылдық сыйлықтар әзірлеп жатыр.

Қолқанат СЫДЫҚ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Ұлым домбыра үйірмесіне қатысатын. Жаңа жыл болғасын осы жақсы көретін сыйлығын сыйға тартсам ба деп едім. Баланың қуанышы ата-анаға жігер сыйлайтынын білесіздер. Мұндағы өмір жақындарыңды бағалауға үйретеді.


Ғалымжан ОМАРОВ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

 
Әйел баласына қандай сыйлық болса да, балаша қуанатынына кәміл сенеміз.Сол себепті қызыма осы үй жабдығын, асхана жабдықтарын сыйға тартайын деген едім. Оны істеуге екі аптадай уақыт кетті.
 

Қылмыстық атқару мекемесінде бас бостандығынан айрылғандарды тәрбиелеу жұмыстары 6 бағыт бойынша жүргізіледі. "Сол бағыттардың ең тиімдісі- сотталғандарды еңбекке баулу" дейді-түрме әкімшілігі.

Жалғас ЕСМАХАНОВ, ЗК - 169/5 МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:


Осы  өздерінің қолынан жасалған қол өнер бұйымдарын сыйлық ретінде, өздерінің отбасы мүшелеріне, балаларына табыстауды жүзеге асыруда.Бұл да бір өз кезегінде сотталған азаматтардың әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға септігін туғызатын шара деп санаймыз.


Расымен де, әр сыйлық үлкен махаббатпен әзірленген. Олар темір тордың арғы жағында отырса да, үйдегі балаларына шексіз сүйіспеншілігі мен  сағынышын осылай жеткізгісі келеді.

Б. Сатуов