Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирустың "Омикрон" штамы Қазақстанға жеткені рас па?

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2021
  • 1573

Коронавирустың "омикрон" штамы Қазақстанға жеткені рас па? Әлеуметтік желіде елдің батыс аймағында індеттің жаңа түрі анықталғаны туралы ақпарат тарады. Бірақ, артынша жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысы мәліметтің  жалған екендігін хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігі де елімізде "Омикрон" тіркелмегенін  айтты. Эпид жағдай әзірге тұрақты, дейді. Тәулігіне 400-ден астам адамнан COVID-19    ПТР сынамасы арқылы расталуда. Ахуалды бағалау матрицасының "қызыл" аймағында бірде-бір өңір жоқ. "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. Қалғандары "жасыл" белдеуде.

А. Данияр