Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұжымдық мерекелік кеште індет жұқтырып алмаудың жолдары қандай?

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2021
  • 1753

Пандемия аяқталған жоқ. Бірақ биыл мекемелердің көпшілігі ұжым болып жаңа жылды тойлауды бастап кетті.  Мұны мейрамхана иелері растады. Тапсырыстардың көптігінен, демалыс орындарының кестесі толған. Хош, мерекені тойлауға ешкім қарсы емес. Бірақ қоғамдық орында індет жұқтырып алмаудың қандай жолдары бар? Тілшіміз Әсел Дүкембаева сауалға жауап іздеп көрді.

Санитарлық дәрігерлер мерекелік басқосудан мүлде бас тартуға кеңес береді. Бірақ бұған құлақ асып жатқандар шамалы.

БЛИЦ:

- Қорқа қоймаймын, мен күнде автобуспен қатынаймын, автобус всегда полный. Құдай сақтап пока еще ауырған жоқпын.

- Иә, барамыз иә. Шамалы адам болады 30 шақты жиналып.

- Иә, бәрі маскада болатын шығар.

Байқағаымыздай көпшілік ұжымдық мерекеден қалғысы келмейді. Айтуларынша індетке қарсы екпе бар, әрі сол ұжыммен күнде кезедесетіндіктен қорқыныш жоқ. Дегенмен Нұр-Сұлтан қаласы кешелі- бері "сары аймақта" тұр. Бұл ең алдымен мейрамхана қожайындарын алаңдатып отыр. Бірақ, бұқара мерекеде демалыс орындары жабық болса да топтасатынына сенімді.        

Ғалия МЕДЕЕВА, МЕЙРАМХАНА ӘКІМШІЛІГІ:

Менің ойымша карантин бар болсын жоқ болсын, адамдар мейрам болған кезде в любом случае шығады дейді ғой. Ол біз ресторандарды жауып тастасақ та, басқа жерлерде де толпа болып жүреді. Қорқыныш, әрине бар, карантиннің талаптарын орындауға тырысып жатырмыз.

Иммунолог Әкім Тұрсынның паймынша ұжымдағы шағын топтардың басқосуы аса қорқыныш әкелмейді. Бірақ ол жерде бір емес бірнеше шағын топ болатынында ескеруге шақырды.

Әкім ТҰРСЫН, ИММУНОЛОГ:

Коорпоратив жасаған кезде күнде жұмыста жүрсіз бір жерде. Бірақ білсеңіз коорпоратив болатын жерлердің барлығында ол адамдар ғана болмайды ғой. Бірнеше үлкен зал болады, бірнеше ұжым болады. Егер де ұжымға толыққанды жауып, сол жерге барамыз десеңіз ол бөлек әңгіме.

Қалай болғанда да, бір нәрсені есте ұстаған жөн. Әр адам өз денсаулығына, өзі ғана жауапты. Тіпті отбасының мүшелерін де індеттен қорғау бірінші кезекте сізге жүктелген. Сақтансаң, сақтаймын дегенді де есте сақтаған дұрыс. Барған жерге бетперде киіп, ара қашықтық сақтап, антисектикпен жиі қолыңызды жууды ұмытпаңыз.  

Ә. Дүкембаева