Елбасы мұражайы алдында жаңа демалыс орны ашылды. Бұл жерде былтыр үлкен мұз айдыны болған. Ол кезде келушілер аз болған көрінеді. Сондықтан аумақ қайта жаңғыртылды. Айнала абаттандырылып, фотоаймақтар мен 3Д шырша қойылды. Демалыс аймағында барлығы 10-ға жуық шағын архитектуралық пішін бар. "Бұл Елорда тұрғындарының қызығушылығын арттырды" дейді жауаптылар.
Александр БИХЕРТ, "НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ" ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:
Жазға жоспарымыз бұдан да көп. Елбасы қоры бұл демалыс аймағына үлкен күш салып, қала тұрғындары үшін әдемі, қызықты орталыққа айналдырады деп ойлаймыз.
А. Базарбай