Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа жыл қарсаңында шыршаны заңсыз кескендер ұсталды

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2021
  • 1505

Шыршаны заңсыз кесіп, сатпақ болғандар ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, арнайы операция кезінде  шыршаны заңсыз кесу және тасымалдау бойынша 130-дай  заң бұзушылық анықталған. Нәтижесінде 153 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айта кетейік, жаңа жылдық шыршаны сату үшін  тиісті құжат болуы керек. Ол болмаған  жағдайда шыршаны заңсыз кескендер айыппұл арқалап, әкімшілік жазаға тартылады.

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Мемлекеттік орман қоры аумағында 1 ағашты жойғаны немесе бүлдіргені үшін құқық бұзушы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде залалды өтеуге мәжбүр болады. Егер ағаш ерекше қорғалатын табиғи аумақта кесілген болса, онда залалды өтеу сомасы 25 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Б. Сатуов