Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада ауған жауынгерлерін еске алу шарасы өтті

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2021
  • 975

Биыл  Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына -42 жыл. Осыған орай Елордада Ауғанстанда   интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан қазақстандықтарға арналған мемориал жанында тағлымды шара өтті.  Оған ауған соғысының ардагерлері, қорғаныс ведомствосының және басқа да күштік құрылымдардың өкілдері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінің тәрбиеленушілері қатысты. "Тарих еншісіндегі оқиғалар соғыс ардагерлерінің есінде, сондықтан мұндай  кездесулер ерекше құнды"-дейді шараға қатысушылар.

Құдабай ӘКЕЖАНОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Біз мақтан тұтамыз. Барлығы да өз отанының оңтүстік шекарасын қорғап,интернационалдық парызын орындағандарын мақтан тұтады.

Шегендік СМАҒҰЛОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Біз онда ұшақпен жеткізілдік. Алайда біздің ұшақ құлады. Не өзі құлады, не құлатты бізге белгісіз. Біз ұшқан кезде, ұшақ дірілдеп кетті. Ол кезде біз жас жігіттер едік. Өміріміз енді басталған. Бірақ біз ол кезде оны ойлаған жоқпыз. Өйткені біз ант қабылдаған едік. Бастысы әскери борышымыз орындалды.

Б. Сатуов