Русский Сайттың толық нұсқасы

Қанағатсыз шенеуніктер: заңды елемей жеке кәсіпкерлікпен айналысқандар кім?

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2021
  • 1254

Қарағанды облысының лауазымды тұлғалары заңды белшесінен басып, астыртын бизнеспен айналысқан.  Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Ведомство ақпаратынша, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі басшысының орынбасары  мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлға ретінде шектеулерді бұзған. Жеке кәсіпкер өңірдегі мәдениет сарайларының бірінде 4 миллион теңгеге жуық қаржыға қызмет көрсетіпті. Осыған ұқсас факт   Қазыбек би ауданында да тіркелді. Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманына қатысты іс қозғалды. Ол мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кең тұтынылатын азық-түлік емес тауарларды жеткізумен айналысқан. Жалпы, агенттік жыл басынан бері 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, 31 миллион теңгеден астам  айыппұл салған.  
ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ:

Аталған тұлғалар Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 154-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 408 380 теңге көлемінде айыппұл салынды.


А. Данияр