Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран "Омикрон" штамына байланысты шекарасын жапты

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2021
  • 1143

Омикрон штамынан тағы бір адам көз жұмды.  Ол-Автралия азаматы. 80 жастағы қария Сиднейдегі Король Ханзада Альфред ауруханасында екі дозада коронавирустық вакцина алған.  Мамандардың айтуынша, марқұмның денсаулығында кінарат болған көрінеді.   Ал Иран республикасы коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты шекарасын 15 күнге жапты. Бұл туралы кеден басқармасының өкілі Сейед Рухолла Латифи хабарлады.  Оның айтуынша, шектеулер Түркия, Ауғанстан, Пәкістан, Әзірбайжан, Армения және Иракқа әсер етеді. Еске сала кетейік, бұған дейін, Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камал Хейдари елде «омикрон» коронавирустық инфекцияның алғашқы штаммының тіркелгенін айтқан болатын.

Ә. Дүкембаева