Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда ядролық медицина орталығы ашылды

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2021
  • 1235

Алматыда онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған ядролық медицина орталығы ашылды. Инновациялық медициналық орталықтың жұмысымен, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты таныстырды. Замануи жабдықтармен жабдықталған мекеме қатерлі ісік ауруының ең кішкентай ошағын да ерте бастан анықтауға мүмкіндік береді. Тіпті неоплазмалардың орналасуы мен шекараларын айқындап беретін көрінеді.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл орталықтың қабілеті 1 жылдың ішінде 7 мың азаматтарды тексеріп, алдын-ала азаматтардың денсаулықтарына байланысты толық деректерді беру мүмкіндері бар. Қарағанды облысында да Шымкент қаласы, Батыс Қазақстан облыстарында да болашақта жалғастыру жоспарланып отыр.

Ералы Тоғжанов мұнан соң балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығында болды. Мекеме мамандарымен тілдесті. Ел бойынша мұнда 11 мыңнан астам бала көмекке жүгінген. Оңалту бағдарламасынан кейін, мүгедектер арбасын тастағандар да жетерлік.

Марат АЙТМАҒАМБЕТОВ, «БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ АТЫНДАҒЫ ҚОР» ДИРЕКТОРЫ:

Орталықты тәмамдаған соң балалар кәдімгі мектептерге жалпы білім беру мекемелеріне бара алады. Қатарластарынан қалмай сабақ оқи береді. Қазір елімізде осындай 10 орталық бар.

Ә. Лесбек